Атырау, 26 сәуір 09:46
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Демалуға кедергі келтірді": көкшетаулық балконнан құстарды атқан

2 252 просмотра

Ақмола полицейлері балконнан құстарды атқан ер адамды жауапқа тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 қыркүйекте Көкшетау ПБ полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерде белгісіз ер адамның үйінде балконнан қарумен бірнеше рет оқ атқаны түскен видеоны көрген. 

Ақпаратты тексеру барысында анасымен бірге тұратын 40 жастағы Көкшетау тұрғыны анықталып, ұсталды. Мылтық ер адамның 15 жыл бұрын қайтыс болған әкесінен қалған екен.

"13 қыркүйекте сағат 12-де үйде отырған ер адам балконға шығып, үйдің артында балконның астында орналасқан қоқыс жәшігінің үстінде ұшып жүрген шағалаларды атқан, себебі олардың дауысы демалуға кедергі келтірген", - деді полиция өкілдері.

Полицейлер ер адамның іс-әрекетінде ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабы 1-бөлігінде көзделген "Елді мекендерде атыс, газды, пневматикалық, лақтырылатын және электрлі қарудан оқ ату, пиротехникалық бұйымдарды қолдану" бойынша әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін анықтады. Тәртіп бұзушы жауапқа тартылып, қаруы тәркіленді, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Полицейлер КСРО өндірген 4,5 миллиметр калибрлі "ИЖ-38" маркалы пневматикалық мылтығын және 48 дана қорғасын оқты тәркіледі.

14 қыркүйек 2020, 13:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.