Атырау, 16 сәуір 10:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Айзат Молдағасымова сыйақы алды деген мәліметке қатысты тергеу жүргізілді

2 504 просмотра

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері Алматының бұрынғы бас дәрігері Айзат Молдағасымова 33 миллион теңге сыйақы алды деген мәліметке қатысты тергеудің нәтижелерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, әлеуметтік желілерде Айзат Молдағасымованың Халық банкі бөлген демеушілік көмектен 33 миллион теңге сыйақы алғаны туралы ақпарат тарағаннан кейін тергеу басталған.

Бұл істің мән-жайын анықтауға Алматы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті мен Денсаулық сақтау министрлігі жұмылғаны айтылады.

Департамент бұл ақпаратты тексере алмағанын хабарлады, өйткені сол кезде елде ТЖ режимі енгізілген екен.

"Президенттің Төтенше жағдай енгізу туралы Жарлығына сәйкес аудиторлық іс-шараны өткізу мүмкін емес", - делінген хабарламада.

Ал денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері Айзат Молдағасымоваға қатысты қызметтік тергеу жүргізілгенін айтты.

"Нәтижелері бойынша - құжатта көрсетілген деректер расталмады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Комитетінің Департамент басшысы Айзат Молдағасымова өз еркімен жұмыстан босатылғанын хабарлаймыз", - делінген хатта.

Сондай-ақ, демеушілік көмектің бюджет қаражатына қатысы болмағандықтан сотқа дейінгі тергеу жүргізілмегені айтылады.

Еске салайық, әлеуметтік желілерде Молдағасымова медициналық қызметкерлерді қаржылай қолдауды ұйымдастыру жөніндегі комиссияның құрамына кіргендіктен, өзіне сыйақы жазғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Кейінірек бұрынғы бас санитар дәрігер қауесетке қатысты пікір білдіріп, ешқандай ақша алмағанын айтқан еді.

14 қыркүйек 2020, 12:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.