Атырау, 21 наурыз 05:57
 ашықВ Атырау +10
$ 462.36
€ 493.48
₽ 5.99

Алматы соты оппозициялық «Взгляд» газетінің басылымын тоқтатуды шешті

1 439 просмотра
СудАлматының Бостандық аудандық соты бейсенбіде «Взгляд» газетінің шығарылымын тоқтату туралы шешім шығарды, деп хабарлайды халықаралық «Әділ сөз» қорғау қоры. 

Хабарламаға сәйкес, шешім 15 күннен кейін 2013 жылғы 3 қаңтарда заңды күшіне енеді. 

Қордың хабарламасында, талап арыз берген Алматы қаласының прокуратурасы басылымның экстремизмді насихаттаумен айналысқандығы туралы дәлел келтірген жоқ деп көрсетілген. Бұрын «Взгляд» газетін экстремистік деп тану туралы ешқандай сот шешімі болмаған. 

Жауаптылар бұл шешімді аппеляциялық инстанциядағы сотқа шағым түсіруді көздеп отыр. 

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары

20 желтоқсан 2012, 17:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.