Атырау, 24 сәуір 07:44
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

ҰҚТ аса қауіпті лидерлері ұсталды

Бейнежазба
2 647 просмотра

Қазақстанның төрт қаласында арнайы операция өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 қыркүйекте ҰҚК ІІМ-мен бірлесіп "А" және "Бүркіт" арнайы бөлімшелерін тарта отырып, бопсалаумен, рейдерлікпен және қару сатумен айналысқан аса қауіпті "Алибов", "Ибрагимов" және "Махмудов" ҰҚТ қызметінің жолын кесті.

ҰҚК хабарына қарағанда, Арнайы операция аясында Нұр-Cұлтан, Алматы, Ақтөбе және Қостанайда аталған топтардың 15лидері мен белсенді мүшелері ұсталды. Олардың бірі Ресей Федерациясында бандитизм мен кісі өлтіргені үшін халықаралық іздеуде болған. Қару-жарақ, оқ-дәрілер мен граната арсеналы тәркіленді.

Ұсталғандар Нұр-Сұлтан полициясының уақытша ұстау изоляторына қамалды, қолда бар дәлелдерді бекіту және қылмыстық әрекеттің өзге де эпизодтарын анықтау бойынша тергеу іс-шаралары жүріп жатыр.

"Карантин шектеулері кезінде қылмыстық қоғамдастықтар экономикалық қиындықтарға тап болған кәсіпкерлерді бопсалау және рейдерлікпен айналысуын жалғастыра отырып, қылмыстық белсенділігін төмендетпеген. Біреудің мүлкін тартып алуға көбіне атыс қаруы мен физикалық күш қолданылған. Бұл жағдайда ел басшылығы бейбіт азаматтарға бұзақылық элементтер тарапынан төнетін қатерді жою, қоғамның 90-жылдардағы "Рэкеттікке" оралуына жол бермеу жөнінде міндеттерді құзыретті органдар үшін басым деңгейге қояды", - деп атап өтті ҰҚК өкілдері.

Ведомство өкілдері қылмыстық топтардың жоспарлары мен ниеттерін анықтау және жолын кесу бойынша арнайы қызметтер мен полицияның жүйелі жұмысы жалғасып жатқанын атап өтті.

14 қыркүйек 2020, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.