Атырау, 25 сәуір 19:54
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Алматы облысында кәсіпкер салық төлемегені үшін 5 жылға сотталды

2 493 просмотра

Алматы облысында салық төлемеген кәсіпкер бес жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеуді Алматы облысы экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жүргізгені хабарланды. Ер адам салықтан жалтарғаны үшін бірқатар жалған фирмаларды тіркегені белгілі болды.

"Ол бірқатар ұйымнан бюджетке салық төлеуден жалтарған, ол декларацияға кірістер мен шығыстар туралы әдейі бұрмаланған мәліметтерді енгізіп, салық салу объектілері мен басқа да төлемдерді жасырды.
Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке салық және бюджетке түсетін міндетті төлемдерді өтемеу түрінде 1,635 миллиард теңге сомасында материалдық залал келтірілді", - деп хабарлады ҚМК өкілдері.

Нәтижесінде ер адам мемлекеттік және коммерциялық, сондай-ақ басқа да ұйымдарда үш жыл мерзімге қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, бес жылға сотталды.

14 қыркүйек 2020, 11:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.