Тартысты додада ол Біріккен демократиялық оппозициядан түскен үміткер Мун Чжэ Инді артта қалдырды. Оңтүстіккореялық сайлау комиссиясы осындай мәліметтерді жариялады.
Әйел-үміткер 1,5 пайыздан (48,9 пайызға қарсы 50,1 пайыз) сәл аз басымдыққа ие болды. Енді билеуші партияның өкілі президенттік лауазымда 2013 жылдың ақпан айында өкілеттігі аяқталатын Ли Мен Бакты ауыстырады.
Пак Кын Хе генерал Пак Чон Хидің қызы. Ол Оңтүстік Корея тарихындағы ең белгілі тұлғалардың бірі, 1963 жылдан 1979 жылға дейінгі аралықта президент тағында отырды. Пак Чон Хи билікте диктаторлық әдісті пайдаланды, алайда оның президенттігі тұсында ел экономикасы жоғары қарқынмен дамыды.
Дереккөз: ҚазАқпарат