Атырау, 23 қараша 01:38
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Ұлттық қауіпсіздік комитеті енді Каспий теңізінің астын да күзетеді

3 648 просмотра

Бүгін Парламент Сенаты «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңды қабылдады. Заңда көзделген тың жаңалық – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі енді Каспий теңізінің астын күзетеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

Заң жобасында Каспий теңізіндегі су асты ортасында Мемлекеттік шекараны күзетуге жауапты бірден-бір орган айқындалған.
«Заң жобасында көзделген жаңа бағыттарды атасақ, Каспий теңізінде су астындағы аймақты қорғау, күзету жағы бұрын қарастырылмаған. Енді Заң арқылы Каспий теңізіндегі аймақты күзету туралы жаңалық енгізіліп отыр. Бұл міндет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне міндеттеледі», - деді журналистердің сұрағына жауап берген Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, депутат Мұхтар Алтынбаев.

Айта кетейік, бүгін Парламент Сенатында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заң бірінші оқылымда қабылданды.
Дереккөз: bnews.kz

20 желтоқсан 2012, 17:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.