Госдуманың депутаттар тобы өз еріктерімен әскерде борышын өтеуге рұқсат беретін заң жобасын әзірлеуде. Бұл туралы «Известия» газетінде «Справедливая Россия» фракциясының мүшесі Татьяна Москалькова хабарлады.
Парламентшілердің пікірінше, әйел адамдардың қарулы күштер қатарына тартылуы әскери қызмет жағдайларын гуманистік тұрғыдан жақсартады. Әйелдер үшін РФ ӘК ерекше «психологиялық» және медициналық бөлімшелерін ашу жоспарланып отыр, деп хабарлады РБК.
Бастамалар авторы әскердегі қызмет ерікті болады деп атап отыр. Шақырту алған әйелдер барғысы келсе барады, барғысы келмесе бармауы мүмкін.
Депутаттар Израиль тәжірибесіне сүйеніп отыр. РФ Израиль сияқты әйелдерді түрлі жеңілдіктер арқылы әскер қатарына тартуды көздеп отыр.
Дереккөз: bnews.kz.