Атырау, 15 қазан 21:23
 ашықВ Атырау +7
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Кредиттік амнистияны талап етеді: Алматы билігі митинг өткізуге рұқсат берді

2 729 просмотра

Алматыда 13 қыркүйек, жексенбі күні әкімдікпен келісілген митинг өтеді. Белсенділер кредиттік амнистия мен жерді шетелдіктерге жалға беруге тыйым салуды талап етеді.

Ұйымдастырушылардың ақпаратынша, митинг 13 қыркүйекте Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы сквердің алаңында өтеді. Бейбіт жиналыс 11.00-ден 14.00-ге дейін жалғасады.

Митингті тіркелмеген Қазақстанның демократиялық партиясының жақтастары мен азаматтық белсенділер ұйымдастырады.

Митинг Алматы әкімдігімен келісілді. Бұл туралы қалалық әкімшіліктің жауабында айтылған. Құжаттың суретін құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Facebook-тегі парақшасында жариялады. Ұйымдастырушылар қатысушылардан санитарлық талаптарды қатаң сақтауды сұрап отыр.

Бейбіт жиналысқа кез келген адам қатыса алатыны хабарланды.

Шілде айының ортасында Алматыда жануарларды қорғау туралы бейбіт жиналыс жоспарланған еді, алайда пандемияға байланысты өтпей қалды.


11 қыркүйек 2020, 13:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.