Атырау, 23 қараша 04:20
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Нұртілеуов қайда кетті?

3 548 просмотра

6 қыркүйек күні кеште Жылыой ауданының 47 жастағы тұрғыны, «Боздақ» ШҚ иесі Нұралы НҰРТІЛЕУОВ өзінің жылқыларын іздеп қырға шығып, жоғалып кетті.      

-Н.Нұртілеуовтің қыстағы Құлсары қаласынан 100 шақырым болатын «Қарамұрат» деген жерде орналасқан. Қожалық иесі құдық басына әдеттегідей жылқылары келмей қалғандықтан, оларды іздестіру үшін өзінің мотоцилімен шығып кеткен. 7-ші қыркүйекте аудандық әкімдікке оның отбасы хабарласып, ТЖ департаментінің қызметкерлері екі көлікпен және еріктілер, кейін оларға  полиция мен ізшіл қызметтік иттер қосылып, іздеу жұмыстарын бастап кетті, - дейді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Жантөре РАШОВ.

Іздестіру кезінде далалықтан мотоциклге төсеген көрпешесі мен қамшысы, кейін мотоциклі де табыла кеткенімен, қожалық иесінің өзін табу мүмкін болмады. Қазір іздеу жұмысы жалғасуда. Ал әлеуметтік желіде «оны ұрылар өлтіріп тастады» деген жазба тарауда. Оның ұлы Қосаймен хабарласқанымызда, әкесіне қатты алаңдап, амандығын тілейтінін айтты. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

11 қыркүйек 2020, 11:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.