Атырау, 24 сәуір 14:46
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Жасанды тыныс алдыру аппаратынсыз коронавирустан емделудің жаңа әдісі табылды

2 360 просмотра

Ресейлік ғалымдар жасанды тыныс алдыру қондырғыларын қолданбай коронавирус инфекциясынан емделудің жаңа әдісін ұсынды. Бұл туралы sputniknews.kz хабарлайды РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. 

Ресей ғылыми иммунологтар қоғамының президенті, ғылым академиясы Орал филиалының иммунология және физиология институтының ғылыми директоры Валерий Черешнев коронавируспен ауырған елу науқастың өкпесін гелий-оттегі қоспасымен дем алдырғаннан кейін бір ғана пациент жасанды тыныс алдыру қондырғысын қажет еткенін айтады.

"Жүйе Комидегі республикалық аурухананың базасында сынақтан өтті. Бізде ауыр сырқаттанған 50 науқас болды. Олардың барлығы аман қалды. Тек, біреуі ғана жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылды. Бұл тәжірибе Сыктывкардағы республикалық ауруханада оң нәтиже көрсетті. Енді осы бағыттағы жұмыстарды жалғасып жатырмыз", – дейді Черешнев.

Ол жасанды тыныс алдыру ағзаға ауыр салмақ түсіретінін атап өтті.

Қазіргідей өршіп кеткен COVID-19 инфекциясы мен пневмония аясында тыныс алу жүйесі күрт төмендегенде, 90-95 градусқа дейін қыздырылған гелий-оттегі қоспасы жасанды тыныс алдыруға қарағанда едәуір тиімділігін көрсетеді.

Оның айтуынша, микробиологтар бастапқыда осындай ингаляцияға арналған қондырғыларды жетілдіріп, дем шығаратын және қабылдайтын ауаның бөлек жүйелерін жасауға шешім қабылдады.


11 қыркүйек 2020, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.