Атырау, 22 қараша 12:02
 ашықВ Атырау +6
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

«Әлем аруы-2012» атағы америкалық қызға бұйырды

2 104 просмотра

«Әлем аруы-2012» байқауы 19 желтоқсан күні Лас-Вегаста мәреге жетті. Талай мемлекеттің хас сұлулары сынға түскен жарыстың бас жүлдесі америкалық Оливия Калпоға бұйырған. Бұл туралы Лента.Ру Agence France-Presse-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қалыптасқан дәстүр бойынша өткен жылғы әлем аруы болып танылған Ангола елінің өкілі Лейла Лопеc жеңімпазға тәжді табыс етті.

Екінші орын Филиппины өкілі Жанин Тугононға, үшінші орын венесуэлалық Ирен София Эссер Квинтероға берілді.

Жалпы байқауға әлемнің 89 елінен арулар қатысқан. Ережеге сәйкес, конкурсанттар 27-18 жас аралығындағы отау құрмаған бойжеткендер болуы шарт.
Дереккөз: bnews.kz.

20 желтоқсан 2012, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.