Атырау, 18 қаңтар 04:31
 ашықВ Атырау -15
$ 512.16
€ 594.72
₽ 6.57

1,4 мыңнан аса медицина қызметкері 2 миллион теңгеден алды

2 301 рет қаралды

1 429 медицина қызметкері коронавирустық инфекцияны немесе вирустық пневмонияны жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін біржолғы әлеуметтік төлемді алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ, ауру салдарынан қайтыс болған 13 медицина қызметкерінің туыстарына төлем аударылғаны айтылады.

"11 қыркүйек сағат 9.00-дегі жағдай бойынша МӘСҚ COVID-19 немесе вирустық пневмония жұқтырған 1 429 медицина қызметкерінің өтініші бойынша және аурудың салдарынан қайтыс болған 13 медицина қызметкерінің өтініш бойынша ақшалай қаражатты тағайындау мен төлеуді жүзеге асырды.
Өңірлер бөлінісінде медицина қызметкерлеріне COVID-19 немесе вирустық пневмонияны жұқтыру жағдайына төлемдердің ең көп саны Нұр-Сұлтан (260) және Алматы қалаларынан (191), Алматы (119), Қарағанды (110) және Ақмола (110) облыстарынан жүргізілді", - деді министрліктегілер.
11 қыркүйек 2020, 10:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.