Атырау, 19 сәуір 08:24
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

"Президенттер қатысады": Тоқаев қарашада маңызды кездесу өтетінін айтты

2 570 просмотра

Қазақстан мен Ресейдің аймақаралық ынтымақтастық форумының форматы әлі анықталған жоқ. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан.

"Қараша айында президенттердің басшылығымен шекаралас өңірлер басшыларының аймақтық кездесуі өтеді. Пандемияға байланысты қандай форматта өтетіні белгісіз, бірақ өтуі тиіс. Жалпы ЕАЭО аясындағы интеграцияны дамыту бойынша біздің бағытымыз өз күшінде", – деді президент Қостанай облысының шаруаларымен кездесуінде.

Тоқаев өңірде жұмыс сапарымен жүр. Ол егіс алқаптарын аралап, астық жинау барысымен танысты. Диханшылар өндірісті сақтап қана қоймай, оның көлемін арттыра алды.

"Қостанай облысының экономикасы жақсы дамып келеді деуге болады. Болашақта бұдан да жақсы болатынына сенемін. Алдымызда маңызды міндеттер тұр. Экономикамыз пандемия салдарынан болған сынаққа төзе алды. Биыл өнім жақсы екені көрініп тұр", – деді мемлекет басшысы.

10 қыркүйек 2020, 16:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.