Атырау, 29 сәуір 14:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 457.21
€ 534.62
₽ 6.08

Н. Назарбаев пен В. Путин 2013-2015 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл Жоспарына қол қойды

1 974 рет қаралды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті.

Кеше, 19 желтоқсанда Мәскеуде өткен кездесу барысында Қазақстан мен Ресей Президенттері екі жақты ынтымақтастықты дамыту барысын, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының 2013-2015 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл Жоспарына және Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы апат кезінде жедел реттеу жүйесін құру және көлік саласындағы қосымша навигациялық-ақпараттық қызмет көрсетудің даму мүмкіндігі саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

20 желтоқсан 2012, 14:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.