13 желтоқсанда Жайық бетін мұз құрсады. Қалыпты аяз салдарынан тек алғашқы тәуліктердің өзінде-ақ мұз қалыңдығы 5-7 сантиметрге жетті.
- Қазір қалыңдығы 20 сантиметрге жетіп қалды, мұз тұтас, ойықтар жоқ, - дейді Атырау облыстық ТЖД судан құтқару қызметінің бастығы Ершат ҚИБАШЕВ. – Дегенмен де өте сақ болу керек. Мұз арқылы көлікпен өтуге болмайды.
Биылғы жылдың қаңтарында Жайыққа «Нива» көлігі түсіп кеткен еді. Бес ересек адам шығып үлгеріп, олармен бірге болған алты жасар бүлдіршін суға батып кеткен болатын.
Тамара СУХОМЛИНОВА