Атырау, 15 қазан 21:17
 ашықВ Атырау +7
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Маска мен дәрі-дәрмек тапшылығы болмайды – Мамин

2 533 просмотра

Үкімет басшысы Асқар Мамин коронавирустың жаңа толқыны болған жағдайда, жеке қорғаныш құралдары мен дәрі-дәрмек тапшылығы болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Премьер-министр қазір коронавирусқа қатысты жағдай тұрақталғанын атап өтті. Коронавирус пен вирустық пневмонияның тәуліктік өсімі – 0,5% шегінде.

"Өздеріңіз білесіздер, күзде вирустық аурулармен және тұмаумен ауру жағдайлары артады. Осыған байланысты елімізде тұмауға қарсы вакцина салу 15 қыркүйекте басталады. Жеке қорғану құралдары мен дәрі-дәрмектердің жеткілікті қоры жасалды. Тапшылық болмайды", – деп сендірді Мамин үкімет отырысында.

Ол өңірлерде 12 инфекциялық аурухана салынып, екі стационар қайта жаңартылып жатқанын атап өтті. Жалпы, ауруханалардағы орындардың санын 50 мыңға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

Ауылдарда медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде.

Мамин коронавирусқа тестілеу мүмкіндігі артқанын айтты. Вакцина сатып алу жөнінде келіссөздер өткізіліп, отандық вакцина жасап шығару бойынша қарқынды жұмыс ұйымдастырылған.

"Барлық қабылданып жатқан шаралар күзде пайда болуы мүмкін пандемияның жаңа толқынына және маусымдық ауруларға қарсы күресуге жағдай жасайды", – деді премьер.

Ол вирустың қайтадан өршуі мүмкін екенін айтып, кейбір шектеу шараларын жалғастыруды тапсырды.


9 қыркүйек 2020, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.