Атырау, 15 қазан 21:17
 ашықВ Атырау +7
$ 484.11
€ 528.79
₽ 5.03

Қазақстандықтар зейнетақы жинағын қолма-қол ала алмайды - Министрлік

2 790 просмотра

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Виктория Шегай Tengri TV тікелей эфирінде тұрғын үй сатып алу үшін зейнетақы жинағы қалай берілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Виктория Шегайдың айтуынша, зейнетақы жинағындағы ақша қолма-қол берілмейді.

"Қаражаттың сол мақсат бойынша жұмсалуын қамтамасыз ететін бірыңғай операторлар болады. Яғни, зейнетақы жинағын қолға алғысы келетін салымшылар ала ма деп айтатын болсақ - жоқ. Оператор тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін "Отбасы банк" мәселесін қарастыруды ұсынады, бұл Қазақстанның бүгінгі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі, яғни ол арқылы осы ақша мақсатты түрде жұмсалады", - деді Шегай.

Еске салайық, 1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауында тұрғындарға зейнетақысының бір бөлігін алуға рұқсат етуді тапсырды. 2021 жылдан бастап белгілі санаттағы азаматтар БЖЗҚ-дағы жинақтардың бір бөлігін мақсатты пайдалану үшін алу құқығын іске асыра алады. 

9 қыркүйек 2020, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.