Атырау, 1 мамыр 04:33
 бұлттыВ Атырау +17
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Nomad Stunts студиясының каскадерлары Диснейдің «Мулан» фильміне түсті

2 103 просмотра

Ресейде 10 қыркүйек күні премьерасы жоспарланған фильм үшінші қыркүйектен бастап әлем назарына жол тартқан, деп хабарлайды nege.kz басылымы.

115 минутқа созылатын фильм "Мулан" мультфильмінің желісімен түсірілген. Фильмде ғұн тайпасынан қорғанған қытайлық арудың батырлығы сөз етіледі. Атақты Walt Disney Pictures кинокомпаниясы түсірген фильмге қазақстандық каскадерлар тартылғаны белгілі болды. Бұл туралы Instagram желісіндегі qazaqpyz_goi парақшасы жазып, түсірілім сәтінің видеосымен бөлісті. 

"Біздің отандастарымызды мақтан тұтатын сәт! @nomadstunts - өз істерінің шебері! Nomad Stunts - Голливудтің көптеген фильмдерінде бой көрсетіп жүрген қазақстандық каскадерлар студиясы. Бұл видео Disney-дің "Мулан" фильмін түсіру сәтінен алынды. Фильмнің әлемдік премьерасы 2020 жылдың 3 қыркүйегінде басталған", - деп жазды видеомен бөліскендер.

8 қыркүйек 2020, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.