Атырау, 25 сәуір 01:23
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Қазақстанда жауын-шашын мөлшері 20 жылдық рекордты жаңартты

2 977 просмотра

Тамыз айында Қазақстанда жауын-шашын бойынша бірнеше рекорд орнатылды. Бұл туралы "Қазгидромет" өкілдері айтты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамандардың айтуынша, Қазақстанның солтүстік-батысында, батысында және оңтүстігінде жауын-шашын нормасынан бір-төрт есе көп түскен. Мысалы, 6 тамызға қараған түні Маңғыстау облысының Ақтау метеостанциясына 66 миллиметр түсіп, айлық нормадан 11 есе асып түсті (бір айдағы норма - алты миллиметр). Бұл рекордтық көрсеткіш болды.

Сондай-ақ, "Қазгидромет" мәліметінше, Қызылорда облысы Шиелі метеостанциясында 1 тамызда айлық норма екі миллиметр болған кезде 17 миллиметр түсіп, яғни сегіз айлық норма түскен, бұл станция үшін рекорд болды.

"26 тамызда Түркістан облысының Қазығұрт метеостанциясында 15 миллиметр жауын жауған. Мұндай жағдайлар аз, шамамен 20 жыл бұрын 2001 жылы осы метеостанцияда 14 миллиметр тіркелді", - дейді синоптиктер.
8 қыркүйек 2020, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.