Атырау, 1 мамыр 08:38
 бұлттыВ Атырау +22
$ 442.05
€ 474.14
₽ 4.74

Ресей Байқоңырдағы жабдықтың бір бөлігін Қазақстанға қайтаруды ұсынды

2 643 просмотра

"Роскосмос" мемлекеттік корпорациясы Байқоңыр ғарыш айлағында "Боран" орбиталық кемесі ұшырылған алаңның кейбір жабдығын Қазақстанға беруге ниетті. Бұл туралы Жердегі ғарыш инфрақұрылымы нысандарын пайдалану орталығы мәлімдеді деп хабарлайды sputniknews.kz Риа Новости-ге сілтеме жасап.

"Байқоңыр ғарыш айлағының №110 алаңында "Энергия" зымыран-тасығышының ұшыру кешені орналасқан. Нысан Жердегі ғарыш инфрақұрылымы нысандарын пайдалану орталығы мекемесіне қарасты "Южный" ғарыш орталығының қарауында және оны осы орталық күзетеді. Қазір ол пайдаланудан шығарылды. Алаңда ешқандай жұмыс жүріп жатқан жоқ", – деп хабарлады орталықтың баспасөз қызметі.

Алаңның кейбір агрегатын, атап айтқанда жердегі кабель-арналарды Қазақстанға беру мәселесі туралы жұмыстар жүріп жатыр. Ұсыныс қазақстандық тарапқа жіберілді.

№110 алаң айға ұшырылатын кеңестік Н-1 зымыраны үшін қолданылған. Кейіннен оны "Буран" ғарыш кемесімен бірге аса ауыр "Энергия" зымыранын ұшыру үшін қайта жасап шығарды.

Ресей ғарыш айлағын Байқоңыр қаласымен бірге 2050 жылға дейін жалға алған. Жалдау құны – жылына 115 миллион доллар.

8 қыркүйек 2020, 10:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.