Атырау, 27 желтоқсан 01:54
 бұлттыВ Атырау -3
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Аудан жаңалықтары

1 589 просмотра

Түйе қуған аңшылар

10 желтоқсан күні Жылыой ауданы ІІБ-нің кезекшілер бөліміне белгісіз біреулердің далада мал атып жүргендігі жайлы дабыл қоңырауы түскен болатын.

Оқиға орнына аяқ басқан полицейлер үш жігіттің тіркелмеген аңшы мылтығымен түйені сұлатып, сойып жатқанының үстінен шыққан. Олар полицейлерді көргенде оқ атып, бой тасалап кеткісі келген, алайда ойлары іске асқан жоқ. Ұсталғандар Құлсары қаласының тұрғындары болып шықты. Оқиға бойынша қылмыстық іс көтеріліп, тергелуде. 

***

Шөжелер бізден шығады

Жылыой ауданындағы«Атырау-Сауда» ЖШС құс фабрикасын ашуды жоспарлап отыр.

Бүгінде фабрикаға Ресейдің Екатеринбург қаласынан 54 мың балапан әкелінді. ЖШС технологтары шөжелерді Құлсарыға үйретудің сан жолдарын қарастыруда. Одан бөлек, мекеме барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған.

***

Қаңғыбас иттер азая ма?

Қызылқоға ауданында қаңғыбас иттер саны көбейген. Оларды ату үшн жергілікті бюджеттен 3 млн теңгедей қаржы бөлінді.

Жыл басынан бері осы кезге дейін 40 шақты адам итке қабылған. Жәбірленушілердің басым көпшілігі Миялы селосынан. Олардың ішінде 6-14 жастағы балалар да бар.

***

Томның тартуы

ТШО қызметкері Том ЗАНОН Құлсары қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған кабинетке Ресейден шығатын нейро-ортопедиялық оңалту комбинезонының бір данасын сыйға тартты.

Мұндай комбинезондар балалар церебральды сал ауруына шалдыққан мүгедек балаларды медициналық-әлеуметтік оңалту үшін қолданылады.

***

Тыйым салынды

Мақат кентінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жүргізілген прокурорлық тексеру кезінде заңбұзушылықтар анықталды. 

Соның ішінде, мектепте медициналық қызметкердің жоқтығы анықталды. Одан бөлек, таза су да болмай отыр. Өрт сөндіру құралдары пайдалануға жарамсыз күйде. Осыған орай Мақат аудандық прокуратурасы спорт мектебінде іс-шараларды өткізуге тыйым салу жөнінде ұсыным берді. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

19 желтоқсан 2012, 16:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.