Атырау, 12 желтоқсан 09:35
 қар жаууы ықтималВ Атырау +1
$ 516.93
€ 542.52
₽ 4.98

Ғаламторда - жаңа сервис

1 954 просмотра

Енді кеден органдарына қызметке орналасу үшін интернет арқылы шығуға болады. Кедендік бақылау комитетінің ресми сайтында жаңа «Бос қызмет орындары» сервисі пайда болды.

Кез келген қазақстандық азамат Комитеттің www.customs.kz веб-порталы арқылы кедендік органдарға қызметке орналасу жөніндегі іріктеуге қатысу үшін өтініш жібере алады.

– Жаңа әдіс  қызметке қабылдану процедурасын анағұрлым ашық жасауға, кадрлық қызметтердің түйіндемелерді қабылдаудан негізсіз бас тартпай, олардың уақытында қаралуына бақылау жасауға мүмкіндік береді. Егер сол уақытта бос орын жоқ болса, жаңа сервис үміткерді кадрлар резервіне енгізеді, - дейді Атырау облыстық Кедендік бақылау департаментінің ұйымдастыру және кадрлық жұмыстар бөлімінің бастығы Алтынгүл ӨРКЕНҒАЛИЕВА.

Кедендегілер жобаға комитет төрағасы Мәжит ЕСЕНБАЕВТЫҢ өзі бақылау жасап отырғанын растады. Өз түйіндемелерін жолдаған әрбір адам интернет арқылы өз электронды поштасынан оның қаралу нәтижелері жөнінде толық ақпарат алады. Біліктілік талаптарына сай келетін үміткерлерді бетпе-бет әңгімелесуге шақырып, қызметке қабылдануға қажетті құжаттардың тізімін ұсынады. Мұндай үміткерлер қай өңірде жұмыс істегілері келетіндіктерін өздері таңдайды. Мәселен, бүгінде Атырау облыстық кедендік бақылау департаментіне сайт арқылы үш түйіндеме түскен, тек біреуі жергілікті тұрғыннан келсе, екеуі – Ақтөбе мен Қарағандыдан. Үміткерлердің үшеуінің де түйіндемелері қаралуда. Құжаттар жинау, ҰҚК-нен арнайы тексеруден және медкомиссиядан өту үшін 2-6 ай уақыт кетеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

19 желтоқсан 2012, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.