Атырау, 26 желтоқсан 17:09
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Қостанайда «Қазмұнайхим» басшысына айыптау үкімі шығарылды

1 517 просмотра

Бүгін Қостанайдың №2 сотында «Қазмұнайхим» консорциумының басшысы және «Қазхимталшық» ЖШС-нің құрылтайшысы - бизнесмен Еділ Кірішевке айыптау үкімі шығарылды.

Кірішев Қазақстанның Даму банкін қомақты шығынға батырған аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп айыпталды. Банктің айыпталушыдан шығынды өндіріп алу талаптары 1 млрд. 125 млн. теңгеден астамды құрады және толығымен қанағаттандырылды. Сондай-ақ Кірішев ҚР ҚК-нің 177-бабы, 3-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырылды. Соттың үкіміне сәйкес, ол қатаң режимдегі түзеу мекемесіне 6 жыл 6 айға аттанды. Онымен бірге ол мемлекеттік салықтар мен іс бойынша жүргізілген сараптамалардың ақысын төлеуі қажет.

Бұған дейін хабарланғандай, Кірішевке қатысты қылмыстық іске негіз химталшық зауытын қайта қалпына келтіруге байланысты мемлекеттік несие болды. Жұмсалған қаражаттарға қарамастан Қостанайда химиялық кәсіпорын іске қосылмады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

19 желтоқсан 2012, 13:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.