АҚШ-ғы ҚР Елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, мектеп Хьюстонда тұрып жатқан отандастарымыздың күшімен, ҚР-дың АҚШ-тағы Елшілігінің қолдауымен ашылды. Мектеп ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істей бастады, бірақ оның ресми ашылуы еліміздің басты мерекесіне орайластырылды.
Бүгінгі күні мектепте шамамен 20 оқушы білім алады, олар жас ерекшелігіне қарай екі топқа бөлінген. 3-6 жас аралығындағы балалар «Балапан» тобында, ал 7-12 жас аралығындағылар «Тұлпар» тобында. Сабақтар жексенбі күні толығымен жабдықталған сыныптарда өтеді, онда оқушылар «Әліппе» мен қазақ тіліндегі өлеңдерді, мақал-мәтелдерді оқиды, халық әндерін және билерін үйренеді.
Дереккөз: ҚазАқпарат