Атырау, 22 қараша 12:58
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Еуразиялық ынтымақтастық іс-шаралары Кремльде өтеді

2 950 просмотра
 
МӘСКЕУ. 19 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің (ҰҚК) сессиясына, ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің және Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесінің (ЖЕЭК) отырыстарына қатысады.

Іс-шаралар алты мемлекет басшыларының қатысуымен Мәскеудегі Үлкен Кремль сарайында өтеді.

* * *

ҰҚШҰ ҰҚК-нің сессиясына Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан президенттері қатысады.

Кремльдің баспасөз қызметінен хабарланғандай, мемлекет басшылары замануи халықаралық ахуал мен ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жетілдіруге қатысты мәселелерді талқылайды. Жаңа қауіп-қатерлермен күресу үшін ҰҚШҰ-ға мүше-мемлекеттердің әлеуетін нығайту бойынша іс-шараларды қарау жоспарланған.

Орталық назарда Ауғанстандағы жағдай болады. Әскери ынтымақтастықты жетілдіру және ҰҚШҰ-ның әскери құрамдауышын басқару жүйесін оңтайландыру мәселелерін қарастыру жоспарлануда. Сессияда ұйымдастырушылық және әкімшілік мәселер бойынша шешімдер талқыланатын болады - ҰҚШҰ-ның бас хатшысы туралы, ҰҚШҰ-ға Өзбекстанның мүшелігі туралы, ұйымның бюджеті туралы және т.б.

Сессия барысында ҰҚШҰ-ның жарғылық органдарындағы төрағалық Қазақстаннан Қырғызстанға өтеді деп күтілуде.

***

Күннің екінші жартысында ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттердің бес президенті  (Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан)  ЕурАзЭҚ-тың жоғарғы органы - Мемлекетаралық кеңестің отырысын өткізеді деп жоспарлануда.

Қауымдастықты одан әрі қайта құрылымдау және оның құрылымын оңтайландыру ЕурАзЭҚ-тың биылғы саммитінің күн тәртібіндегі негізгі мәселе болмақ.

ЕурАзЭҚ мүше-мемлекеттердің басшылары ұйым қызметінің қаржылық мәселелерін қарастырады деп жоспарланған, соның ішінде өткен кезеңде ЕурАзЭҚ бюджетін іске асыру жөніндегі есеп, ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитеті хатшылығын оңтайландыру бойынша шараларды есепке алғандағы 2013 жылғы бюджет және бюджеттік жолдау бар.

ЕурАзЭҚ-тың 2011-2013 жылдарға арналған Халықаралық қызметінің тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуына, сондай-ақ ЕурАзЭҚ-тың «Инновациялық биотехнологиялар» және «Уран өндіру өнеркәсіптерінің ықпалына шалдыққан ЕурАзЭҚ-қа мүше-мемлекеттер территорияларының топырағын қалпына келтіру» мақсатты бағдарламаларына бағалар беріледі деп күтілуде.

Мемлекетаралық кеңес мүшелерінің назарларына ЕурАзЭҚ-тың кіші органының - ЕурАзЭҚ-қа мүше-мемлекеттер Әділет министрлері кеңесінің жұмысы жөнінде баяндама ұсынылады.

ЕурАзЭҚ-қа мүше-мемлекеттер басшылары 2013 жылы ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесіне төрағалық ету жөнінде шешім қабылдайды.

* * *

Кремльдегі іс-шаралардың үшіншісі - Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттері басшыларының қатысуымен өтетін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы.

Биылғы саммиттің барысында президенттер 2015 жылға қарай Еуразиялық экономикалық одағын құруға бағытталған үш елдің интеграциялық өзара әрекеттестігін дамыту және тереңдету мәселелерін талқылайды деп күтілуде. Мемлекеттер басшыларына Еуразия экономикалық комиссиясы Алқасының төрағасы Виктор Христенконың интеграцияның негізгі бағыттарын жүзеге асыру туралы баяндамасы таныстырылады деп жоспарланған.

Отырыс күн тәртібінің ауқымды бөлігін ЕЭК-ның халықаралық қызметі мәселелеріне арнау көзделген. Еркін сауда туралы келісімді жасау жөнінде Вьетнаммен және Ресей мен Қазақстанның Еуропалық одақпен базалық келісімдер бойынша келіссөздерді жүргізуі кезінде КО мен БЭК елдерінің бірыңғай ұстанымын әзірлеу бойынша келіссөздерді бастау туралы сұрақтар қаралады.

Отырыстың күн тәртібінде, сондай-ақ Кедендік одақтың нормативтік актілеріне интеграциялық бірігудің құқықтық және институционалдық дамуына негізделген өзгерістерді енгізу бар.

Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы барысында ЕЭК-нің 2013 жылғы бюджетін бекіту жоспарлануда.

Дереккөз: ҚазАқпарат

19 желтоқсан 2012, 13:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.