16 желтоқсан күні қоғам белсенділері 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан құрбандар мен қаза болған жаңаөзендіктердің рухына бағыштап, қаладағы Жеңіс саябағында қуғын сүргін құрбандарының ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойды.
Макс БОҚАЕВЖаңаөзенде қаза тапқан 16 адамның, Шетпе оқиғасынан 1 адамның және 1986 жылғы көтерілістен кейін түрмеде, белгісіз жағдайлармен өмірден өткен 4-5 адамның аты-жөні жазылған тізімді дауыстап оқып, боздақтарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жариялады.
- Бұл күн бүгінде ресми түрде Тәуелсіздк күні ретінде тойланып келеді! Бірақ, бұл мейрам күні емес, бұл - қаралы күн! - деді М. Боқаев.
Кейін жиналған қауым Жеңіс саябағынан шыққан соң М. Боқаевтың үйінде өтетін құрбандарға арналған асқа аттанды.
Айтолқын ҚҰЛШАРОВА
Суретті түсірген автор