Ұсталғандардың арасында Цинхай провинциясындағы «Құдіретті құдай» христиандық діни бағыттың жолын ұстанушы 37 адам бар. Атап өтейік, Қытайда сектаның қызметіне тыйым салынған. Жергілікті полицияда мәлім еткендей, аталмыш діннің бағытын ұстанушылар адамдарды 21 желтоқсан күні Күн үш күнге жоғалып, электр энергиясы өшетіндігін айтып, қорқытуда. Сондай-ақ өздерінің нанымдарына қосылғандарды құтқаруға уәде еткен.
Оңтүстік-шығыстағы Фунцзянь провинциясының 30 тұрғыны, Сычуань, Шэньси және Хубэй провинцияларының бірнеше тұрғыны ақырзаман туралы қауесеттерді таратқандары үшін абақтыға тоғытылды. Жергілікті полиция 15 желтоқсан күні Чунцин қаласында ақырзаман туралы парақшаларды таратып, ол туралы дыбыс күшейткіш арқылы қала көшелерінде ақпарат таратқандары үшін төрт адамды ұстады.
Ақырзаман туралы қауесеттер майя күнтізбесі бойынша 2012 жылдың 21 желтоқсаны күні біздің дәуірімізге дейін 3114 жыл бұрын басталған Бесінші Күн Дәуірінің ұзақ есебінің циклі аяқталатындығымен байланысты. Пессимистер осы арқылы майялықтар ақырзаманды болжаған деп пайымдауда.
Дереккөз: inform.kz