16 желтоқсан күні сағат 20-да Атырау облысының Индер ауданында құтқарушылар 300 метр тереңдіктегі иесіз жатқан тұз шақтасына құлап кеткен жергілікті тұрғынның денесін тауып, жер бетіне шығарды.
Оның денесі 295 метр тереңдіктегі судан табылған. Іздеу операциясына Атырау, Астана, Алматы, Қарағанды облыстарының 23 құтқарушысы жұмылдырылған. Индер аудандық прокуроры Нұрлан ӨМІРЗАҚОВТЫҢ айтуынша, денені Атыраудағы "Ескерткіш-қызмет Қазақстан" ЖШС қызметкері Еркін УТАШЕВ алып шыққан.
Естеріңізге салайық, 6 желтоқсан күні Индербор поселкесі маңында 50 жастағы жергілікті тұрғын Батырбек РЫСМҰХАНБЕТОВ сарайлардың кірпіш қалауларын бұзып жүргенде шахтаға түсіп кеткен болатын. Іздеу операциясына еліміздің әр қалаларындағы ТЖМ бөлімшелерінің бригадалары, соның ішінде тау-кен құтқарушылары да жұмылдырылды.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА