Атырау, 14 қараша 05:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 492.17
€ 522.39
₽ 5.00

Челах жазасын аты шулы "Қара бүркіт" түрмесінде өтейді

6 508 просмотра

Сот шекарашы Челах ісінде соңғы нүктесін қойды. Еске сала кетсек, өткен аптада 15 адамның өліміне кінәлі деп танылған Владислах Челах өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Бұл туралы "МИР" арнасы хабарлайды. 

"Челах ісі" бойынша сот отырысы небары үш жарым аптада аяқталды. Рекордтық мерзімде аяқталып, рекордтық уақытта - 10 минутта - өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Желтоқсан айының соңында Владислав Челах Қазақстандағы өмір бойы бас бостандығынан айырылғандарға арналған түрмеге жеткізіледі. Халық арасында ерекше ережелерімен танымал колония "Қара бүркіт" деп аталып кеткен.

Кезінде белгілі журналист Сергей Пономарев "Өлім жазасы" атты деректі фильм түсіріп, аталған темір тордың арғы жағы туралы айтып берген болатын. Сол 2007 жылы "Қара бүркіттің" ішінде 30 адам отырса, бүгінде бұл көрсеткіш 100 адамға өсті.

Бұл колонияда жазасын өтейтіндердің туыстарына көрісу үшін жылына бір-ақ рет келу рұқсат етілген. Себебі мұндағылар аса қауіпті адамдар болып есептеледі.

Сегіз статья бойынша сотталған Челах ісінде беті жабулы нәрселер әлі де көп. Себебі бұл істе куәгерлер жоқ. Сот түсініктерін екі рет өзгерткен айыпталушының сөзіне ғана сүйеніп үкім шығарды.

Қаза болған шекарашылардың туысқандары "Талдықорғанға кінәсіз адамды қолдауға келдік, ал үйімізге қылмыскер тиісті жазасын алды деп кетіп бара жатырмыз" дегенді үлкен сеніммен жеткізді.

Ал Владиславтың анасы Светлана Ващенко сот үкімін қайта қарау үшін Қазақстан Жоғарғы соты мен БҰҰ-ға шағым түсірмек. Ал Челах пен оның жанұясына барынша қолдау көрсетуге уәде еткен адвокат Серік Сәрсеновтың кәсіби тағдыры қазір қыл үстінде.

Оның кәсіби деңгейін қазір Алматы адвокаттар коллегиясы мен республиканың Әділет министрлігі қарастыруда. Челахтың қорғаушысы сот отырыстарына атүсті қарап, дұрыс қатыспады деп айыпталуда.

Дереккөз: NUR.KZ

       
17 желтоқсан 2012, 23:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.