Атырау, 8 қазан 05:56
 ашықВ Атырау +21
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Аралдар қайраңда қалды

2 612 просмотра

«АЖ» дереккөздерінің хабарлауынша, шығыстан соққан күшті желдің салдарынан Қашаған кенішіндегі А және D жасанды аралдары құрлықпен су арқылы қатынас жасаудан қалған.

Аралдарда қоқыс пен тұрмыстық қалдықтар көп жиналып қалған (құрылыс жұмыстары аяқталып келеді). Естеріңізге салсақ, НКОК мәлімдемесі бойынша, консорциум «нөлдік шығарынды» принципі бойынша жұмыс істеп, қалдықтарды Баутино мен Құрық базаларында әрі қарай кәдеге жарату үшін Ақтау портына шығарады.

- Бірнеше күн бойына тіпті тікұшақтар да ұша алмады, әуе қатынасы тек 15 желтоқсанда ғана қалпына келтірілді, - деп хабарлайды аралдарда жұмыс істейтін, бірақ қазіргі уақытта Атырауда жүрген біздің дереккөздеріміз.

Қалыптасқан ахуалға төменгі температурадағы шығыстан соққан күшті жел себеп болып отыр. Ол онсыз да Каспийдің тайызданған осы учаскесін жалаңаштап, суды теңізге қарай қуалаған, ал теңіз бетін әп-сәтте мұз құрсаулапты. Тайыздық салдарынан НКОК-тың мақтаулы мұзжарғыштары қайырлап қалған.   

Қашағанда мұнай өндіруді бастау уақыты жақындап қалмағанда, бұл фактіге аса назар аударылмас та еді. Таяудағы кездесу кезінде консорциум басшылығы облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВТІ алғашқы мұнай 2013 жылдың наурызында өндіріледі деп иландырған болатын.

Ал егер апат төгіндісі бірде бір кеме мұнай дағына жақындай алмайтындай теңіздегі осындай құбылыспен сәйкес орын алса не болмақ? Ал егер мұнай мұз астына төгілсе ше?

Таяу күндері (сауал жіберілгеннен кейін 3 айдан соң) «АЖ» НКОК-тан сыртқы байланыстар жөніндегі менеджері Ханс ВЕНК қол қойған аралдардағы тестілік сынақтар туралы жауап алған болатын. Консорциум халықаралық стандарттарға сәйкес көмірсутектер берілгенде «барлық тұрба құбырлары мен тұрба бекіткіштері су және/немесе ауа жіберіліп, тұрбаның бүтіндігіне кепілдік беретін тексеруден өтеді. Бұдан басқа, компанияның Апатты төгінділерді жою жоспары, заманауи жабдықтары және кез-келген уақытта жұмылдырылуға дайын білікті мамандары бар» деп сендіріп отыр.

Қашаған жобасының жобалық құжаттамаларындағы өрескел заң бұзушылықтар туралы жергілікті экология департаментінің соңғы мәлімдемесіне қарағанда, бұған сене қою қиындау.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

17 желтоқсан 2012, 23:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.