Атырау, 22 қараша 12:08
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

«ҚазТрансГаз» Қырғызстанның солтүстігіне жеткізілетін газ мөлшерінің кему себептерін түсіндірді

1 568 просмотра
Сатып алу-сату келісіміне сәйкес «ҚазТрансГаз» АҚ Қырғыз Республикасының солтүстігіне қазақстандық газдың жеткізілуін іске асырады.

2012 жылдың қараша айында «Қырғызгаз» ААҚ «Узтрансгаз» АҚ-мен өзбек газын ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап Қырғызстанның солтүстігіне жеткізу жөнінде келісімге қол қойды. Желтоқсанның бірінші онкүндігінде ауа температурасының төмендеуіне және жеке қажеттіліктердің артуына байланысты өзбек тарапы Қырғыз Республикасына өзбекстандық газдың жеткізілуін шектеді, ал 2012 жылдың 13 желтоқсанынан бастап газ беруді тоқтататыны жөнінде ұйғарым жіберді.

Айта кеткен жөн, «ҚазТрансГаз» АҚ қырғызстандық әріптестерін бірнеше рет табиғи газ ресурстарының шектелуі және оны жеткізуде мөлшердің төмендетілетіні жөнінде ескерткен болатын.

Ауа райының күрт суытып, температураның төмендеуіне және өзбек газ мөлшерінің шектелуіне, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі газды пайдаланудың артуына байланысты «ҚазТрансГаз» АҚ «Қырғызгаз» ААҚ-на газ жеткізуді ішінара шектеді.

Қызғыз тарапының жалпы көлемінде 26,6 млн. доллар қарызына қарамастан «ҚазТрансГаз» АҚ Қырғыз Республикасына табиғи газ жеткізуді жалғастыруда.

Дереккөз: ҚазАқпарат

17 желтоқсан 2012, 21:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.