Атырау, 5 қазан 14:19
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

2013 жылы әлеуметтік маңызы бар қызметтердің пакеті электронды форматқа көшіріледі

1 481 просмотра
 

Келесі жылы Қазақстанда «электронды үкіметті» іске қосу аясында әлеуметтік маңызы бар қызметтердің барлық пекеттерін электронды форматқа көшіру жоспарлануда, деп хабарланды ҚР Премьер-Министрдің баспасөз қызметінен. 

«2012 жылы әлеуметтік маңызы бар қызметтердің 60 пайызы электронды нұсқаға ауыстырылды. 2013 жылы бұл көрсеткіш 100 пайызға жетеді деп жоспарлануда», - деді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алексей Анисимов.

Жобаны іске асырушылардың сөзіне қарағанда, ұялы гаджеттерге сұраныстың артуына байланысты e-Gov-тың пайдаланушылары порталдың қызметтеріне iOS және Android қосымшалары арқылы жеңіл кіре алады. 

Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы орынбасарының сөзіне қарағанда, 2013 жылы электронды нұсқада алынатын рұқсатнама құжаттардың тізімін 353-ке дейін кеңейту жоспарлануда. Айта кетейік, 2012 жылы бұл көрсеткіш 87-ні құраған болатын. 2014 жылы рұқсатнама құжаттардың барлық түрлерін портал арқылы электронды нұсқада алуға болады, деді А.Анисимов.

Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында жасалған қорытындыға сәйкес, «электронды үкіметтің» порталында электронды нұсқада 67 қызмет, 16 сервис, мемлекеттік алымдардың 21 түріне төлеуді жүргізу, мемлекеттік баж салығын төлеудің 16 түрі, салық төлеудің 4 түрі, сондай-ақ жол ережесінің қозғалысын бұзғаны үшін айыппұлдарды және коммуналдық қызметтерді төлеудің 3 түрі көрсетіледі. Портал арқылы осы кезең аралығында 3 489 364 электронды анықтама берілді, ал порталды қолданушылардың саны 4 410 558 адамды құрады. Жыл сайын e-Gov порталының қызметіне 20 мыңнан астам адам жүгінеді.

Бүгінгі күні «Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасы барлық орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда енгізілген, бұл өз алдына кез келген лицензияны электронды нұсқада алуға мүмкіндік береді.

Қазақстанда 2012 жылғы «электронды үкіметтің» даму деңгейін әлемдік қоғамдастық жоғары бағалады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

17 желтоқсан 2012, 21:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.