АҚШ президенті Барак Обама алдағы төрт күнді қаралы деп жариялады. Бастауыш мектепке жасалған шабуыл салдарынан құрбан болғандар үшін елдегі барлық штаттарда ту түсіріледі.
Коннектикут штатындағы Ньютаун қаласында болған оқыс оқиға салдарынан 27 адам көз жұмған. Олардың жиырмасы 5-10 жас аралығындағы бүлдіршіндер. Оқиға кезінде мектепте 600-ге жуық оқушы болған. Оқ жаудырған қылмыскердің 20 жастағы Адам Ланц екені анықталды. Кейбір ақпарат көздері оның өз ата-анасын да атып өлтіргенін хабарлайды. Қылмыскер де атыс кезінде мерт болған. Бұл соңғы 3 жылда елде болып отырған бесінші жағдай.
Дереккөз: 24.kz