Қазақстан 2030 стратегиясының бірқатар бағыттары мерзімінен бұрын орындалды. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 21 жылдығына орай өткен салтанатты жиын барысында сөз сөйлеген кезде мәлім етті.
«Тура 15 жыл бұрын біз Қазақстанның 2030 даму стратегиясын қабылдадық. Ол – посткеңестік дүрбелең әлі толық басылып үлгермеген, Оңтүстік Азия мен басқа да нарықтарда кризис толқып жүрген 1997 жыл болатын. Ол кезде қатты қиналғанымыз есімізде», - деді Н.Назарбаев.
«Аталған жылдар бойы біздің Стратегиямыз шам тәрізді жолымызды ашып, басты мақсатымыздан ауытқымай, алға жылжуға мүмкіндік берді», - деп атап өтті ҚР Президенті.
«Біз өз жолымызды салу керек болатынбыз. Және ол жолдың сызбасы осы Қазақстан-2030 статегиясында көрініс тапты. Осынау құжат стратегиялық мақсаттар мен міндеттердің көрінісі ретінде маңызды дүниетанымдық серпін болып табылады», - деп мәлім етті ҚР Президенті.
«1997 жыл естеріңізде ме? Мен сөз сөйлеп болғаннан кейін Парламент абыржып, сасқалақтай бастады. Көпшіліктің ойында: «Бұл не – насихат па? Төбеден түскен бос уәде ме?» деген сұрақтар туындай бастады. Сол кезде қойған міндеттер құр қиялдай көрінетін», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
«Бірақ, «көз қорқақ, қол батыр» дегендей... Бүгінгі күні біз 2030 даму стратегиясының бірнеше бағыттарын мерзімінен бұрын орындағанымызды жеткізгім келеді», - деді Елбасы.
Дереккөз: bnews.kz