Атырау, 22 қараша 12:52
 ашықВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

ЕО саммиті еуропалық Банк одағын құруды бекітті

1 804 просмотра

ЕО саммиті еуропалық Банк одағын құруды бекітті. Бұл жөнінде бүгін ЕО саммитінің бірінші күнінің қорытындылары бойынша қоғамдастық президенті Херман Ван Ромпей мәлімдеді.

«Еуропалық Банк одағын құруға алғашқы қадам 2014 жылдың көктемінде ЕО Бірыңғай қадағалау механизмін іске қосу болмақ, бұл жөнінде бейсенбі күні Еуроодақ елдерінің қаржы министрлері келісімге келді», - деген Ромпейдің сөздерін келтіреді ИТАР-ТАСС.

Банк одағын құрудың екінші қадамы банктерді тікелей қайта капиталдандыру жүйесін құру болады, ол бүкіл еуропалық қаржы жүйесінде «домино әсерін» тудыру қатерісіз проблемалы банктерге жартылай немесе тұтастай банкроттық жасауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Банк одағының мақсаты – банк проблемалары мен осы уақытқа дейін оларды шешу үшін мемлекет пайдаланып келген салық төлеушілердің ақшалары арасындағы берік шеңберді бұзу», - деп атап өтті Ван Ромпей.

Банк одағын құру – егеменді үкіметтердің қызметі нашарлаған кезде еуроаумақтың экономикалық және қаржылық саясатын ұлт үстінен басқаруды күшейтуге бағытталған экономикалық және монетарлық одақты әрі қарай нығайтудың негізгі кезеңі.

Еурокомиссия басшысы Жозе Мануэл Баррозудың айтуынша, ЕО жетекшілері келесі жылы, бәлкім Еуроодақтың маусымдағы саммитінде Экономикалық және монетарлық одақты құрудың 5-7 жылға арналған «жол картасын» бекіту бойынша келісімге келді.

Дереккөз: bnews.kz

14 желтоқсан 2012, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.