Атырау, 26 сәуір 17:28
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Н.Назарбаевқа Ш.Айтматов сыйлығы берілді

2 771 просмотра

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлыққа ие болды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Н.Назарбаевқа Қазақстанда және шетелде жазушы Шыңғыс Айтматовты танытуда қолдау көрсеткені үшін және Қазақстанда Айтматовтың орыс тілді шығармалар жиынтығын жариялауға жәрдемдескені үшін сыйлық (Ш.Айтматов атындағы – агенттік) беріліп отыр», - делінген Лондондағы Айтматов Академиясының сайтында.

Сондай-ақ осы жүлденің лауреаттары қатарында «Алғашқы ұстаз» әңгімесін экранға шығарған режиссер Андрей Кончаловский, «Жәмилә» және «Алғашқы ұстаз» фильмдерінде басты ролдерді сомдаған актриса Наталья Арынбасарова, ағылшын тіліндегі жазушы шығармаларының үздік жиынтығын құрастырған SCRSS британ білім беру орталығы, түрік тілінде жазушы шығармаларының үздік жиынтығын құрастырған Yunus Emre түрік мәдениет орталығы бар.

Естеріңізге сала кетейік, Шыңғыс Айтматов атындағы жүлде 2011 жылдан бері беріле бастаған болатын. Сыйлықты Лондонда құрылған Айтматов Академиясы ұсынады.
Дереккөз: bnews.kz

13 желтоқсан 2012, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.