Атырау, 5 желтоқсан 08:19
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Экологиялық айыппұл төлемейтін болды

3 440 рет қаралды

АМӨЗ және «Атырау Облысы Су Арнасы» КМК-нің экологиялық айыппұлға қатысты шағымдары қанағаттандырылмағаны туралы «АЖ» жарияланымынан кейін АМӨЗ жоғары сот сатысының бұл қаулыны жойғанын мәлімдеді.

«4 мамырда Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы «АМӨЗ» ЖШС-нің шағымын қарастырып, Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысын заңсыз деп танып, жойды. «АМӨЗ» ЖШС-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды, - деп хабарлайды «АМӨЗ» ЖШС-нің жұртшылықпен байланыс бөлімі. – Бұдан басқа, облыстық сот Атырау облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне қызметкерлерінің тексеру жүргізу тәртібі мен процедураларын өрескел бұзғаны туралы жеке ұйғарым шығарды».

ОблСЭС бұл ақпаратты растады. «Атырау Облысы Су Арнасы» КМК-нің де шағымы қанағаттандырылған.

Фархат ӘБІЛОВ

7 тамыз 2020, 12:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.