Атырау, 25 сәуір 04:01
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Экологиялық айыппұлға қатысты шағым қанағаттандырылмады

3 093 просмотра

«Атырау Облысы Су Арнасы» КМК және АМӨЗ қоршаған ортаны ластағаны үшін әкімшілік айыппұл салған тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау жөніндегі қалалық басқарманың, олардың пікірінше, заңсыз әрекеттеріне қатысты шағым берді.

Бұдан бұрын экология департаменті биылғы 6-8 қаңтар аралығында ауаны ластаушы - зауыт пен «Атырау Облысы Су Арнасы» пайдаланатын Сасықсай екенін анықтаған еді. Осыдан кейін санитарлық дәрігерлер айыппұл салды. Бірақ айыппұл салынғандардың пікірінше, Экология департаменті расталмаған мәліметтерді пайдаланған, соған байланысты олар соттан әкімшілік істі тоқтатуды сұрады.

Сотта қалалық СЭС өкілі былайша түсіндірді. «АМӨЗ» ЖШС мен «Атырау Облысы Су Арнасы» КМК-ны әкімшілік жауапқа тартуға Экология департаментінің материалдары негіз болған. Онда «Қазгидромет» РМК филиалының мәліметінше, 6-8 қаңтар аралығында күкіртсутегі бойынша ШРК 11-ден 22 есеге дейін асқан және бұл күндері ауаны Сасықсайдың ластағаны айтылған.

- Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша барлық дәлелдер заң талаптары ескеріліп алынды, осыған байланысты сізден шағымды қанағаттандырмауыңызды сұраймыз, - деді ол.

Атырау мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Сәния КЕНЖЕАЛИЕВА шағымды қанағаттандырмады.

Фархат ӘБІЛОВ

4 тамыз 2020, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.