Алқалы жиынға Ресейде тұратын 200-ден астам қырғыз ұлтының өкілдері қатысты. Олардың ішінде қырғыз диаспорасының ақсақалдары мен көшбасшылары, Ресейдің өңірлерінен бірқатар қырғыз қоғамдық ұйымдардың басшылары бар. Сондай-ақ құрылтайға РФ атқарушы билік органдарының өкілдері, Жоғарғы Кенештің депутаттары, Мәскеу қаласы ұлттық диаспораларының көшбасшылары қатысты.
Айта кетейік, бүгінгі күні Ресейде Қырғызстаннан шыққан 800 мыңға жуық босқын тұрады. Олардың 400 мыңнан астамы ресей азаматтары.
Қырғыздық ұйымдар күннен-күнге артып келе жатқан мигранттарға ие бола алмай отыр. Соңғы қырғызстандық конгресс 6 жыл бұрын өткен, бірақ бүгінгі күні тұрақты жұмыс істейтін жалпыресейлік қырғызстандық ұйымды құру жайы ұсынылуда.
Жалпыресейлік конгресті өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің төрағасы Кубанычбек Кожоев атап өткендей, жаңа ұйым Ресейде еңбек мигранттарының бейімделуіне, әлеуетті қырғыз жастары үшін бірлескен іскерлік және білім беру жобаларының жүзеге асырылуына, жұмыспен қамтуға және құқықтық қолдауға, спорттық және мәдениет шараларын өткізуге құруға септігін тигізеді.
Ағымдағы конгрестің бағдарламасы өзекті мәселелерге толы болды. Күннің бірінші жартысында қатысушылар РФ-да қырғыздардың тыныс-тіршілігін талқылап, қазіргі мәселелерді шешудің жолдарын айқындады. Күннің екінші жартысында (түстен кейін) делегаттар бірауыздан жаңа бірлестіктің - «Жалпыресейлік қырғыз конгресі» Жалпыресейлік қоғамдық ұйымның құрылуына дауыс беріп, ұйымның орталық кеңесі - басқарушы органның мүшелерін талқылады. Қабылданған шешімдерге сәйкес, ұйым басшылығына ұйымдастырушы комитеттің жетекшісі Кубанычбек Кожоев сайланды.
Дереккөз: ҚазАқпарат