Атырау, 26 сәуір 23:57
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Ертең Н. Назарбаев Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын жариялайды

4 876 просмотра
Ертең Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасын жариялайды.

Бұл жайында Президент бүгін Ақордада Мемлекеттік наградаларды тапсыру кезінде мәлім етті.

Н. Назарбаев ертең жаңадан салынған опера театрында сөз сөйлеп, Тәуелсіздік күніне орай құттықтау айтатынын, сондай-ақ сол жерде еліміздің болашақтағы негізгі мақсат-міндеттерін жариялайтындығын жеткізді.

Н.Назарбаевтың айтуынша, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі бағдарламасының бірқатар тармақтары мерзімінен бұрын орындалды. «Қазір дүниежүзінің барлығы өзінің ғасырдың ортасына дейінгі бағдарламасын жасап жатыр»,-деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Осыған орай Президент бұл бағытта елімізде тиісті сараптар жасалғандығын айта келе, «Жастарға 2050 жылы Қазақстан қандай биіктерді алуы тұрғысындағы бағдарламасын жариялаймын. Оны ертең еститін боласыздар. Осыны өте үлкен шаруа деп санаймын. Мінекей, сол бағдарламаны орындауда халқымыз бірігіп жұмыс істеуі керек. Мұның барлығы Қазақстанның болашағы мен жастардың бақытты өмірі үшін»,-деп түйді Елбасы.

Дереккөз: ҚазАқпарат

13 желтоқсан 2012, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.