Атырау, 5 желтоқсан 08:19
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Теңіз кенішінде де күкірт иісі шығады

4 283 рет қаралды

Жыл басынан бері Атырауда және Теңіз кенішінде ауада күкіртсутегінің шекті рұқсат етілген концентрациясы асып кеткен бірнеше жағдай тіркелді. Бұл туралы облыстық прокуратура хабарлады.

- 14 шілдеден бастап прокуратура тапсырмасымен уәкілетті органдар бірлесіп, түнгі уақытта ауаға бақылау жасап келеді, - дейді экологиялық прокурор Асхат ҚАСЫМОВ. - Атырау-Орал айналма жолы мен туберкулез ауруханасы аумағында күкіртсутегінің ШРК-дан асып кету дерегі анықталды. Экологтар мен «Қазгидромет» филиалының мәліметінше, ластану көзі - қаладағы коммуналдық қызметтің және «Атырау МӨЗ» ЖШС-нің нысандары – бұлар қоқыс полигоны мен булану алаңдары.

Прокурордың айтуынша, тағы бір ауа ластаушы бар - бұл жыл сайын ауаға рұқсат етілмеген шығарындылар тастайтын «Теңізшевройл» ЖШС нысандары. Мәселен, 2019 жылы Теңіз кенішінде 7 жағдай тіркелген, ал келтірілген залалдың жалпы сомасы 726 миллион теңге. Қазір экологтардың өндіріп алу туралы талап арыздары сотта қаралуда.

- Жыл басынан бері Теңізде ластаушы заттар заңсыз шығарылған 3 жағдай тіркелді, - деді Қасымов.

Бүгінде табиғат қорғау прокуратурасының тапсырмасымен экологтар «Теңізшевройл» мен АМӨЗ-де экология талаптарының сақталуына тексеру жүргізуде.

Естеріңізге салсақ, Атырауда 7-13 шілде аралығында ҚР Экологиялық реттеу комитетінің төрағасы Зұлфұхар ЖОЛДАСОВ ауаны ластап жатқан Сасықсай екенін мәлімдеген еді.

Фархат ӘБІЛОВ

24 шілде 2020, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.