Атырау, 16 қаңтар 04:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

«Теңізшевройл» өз қызметкерлерінің бір бөлігін мәжбүрлі демалысқа жіберді

7 245 просмотра

Whatsapp мессенджері арқылы Теңіз кенішінде жыл соңына дейін тікелей өндіріске қатысы жоқ кейбір жұмыстардың тоқтатылғаны, ал жұмыс берушіге байланысты емес себептермен тоқтатылған уақыт үшін орташа жалақының 50%-ы мөлшерінде төленетіндігі туралы ТШО-ның бас директоры Имер БОННЕР қол қойған құжат таралуда.

«АЖ» ТШО-ның баспасөз қызметіне хабарласып, мынадай жауап алды:

«Иә, «Теңізшевройлдың» бірқатар қызметкерлеріне қатысты осындай бұйрық бар. COVID-19 пандемиясына қарсы іс-қимыл аясында ТШО кейбір жобаларды уақытша тоқтатты. Жобаға тартылған жұмысшылар жалақыны ұжымдық шарттың және ҚР еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес алады. Бұл бұйрық «Теңізшевройл» ЖШС қызметкерлерінің шамамен 8% -на қатысты. Қазіргі уақытта ТШО-ның негізгі өндірістік қызметі бұрынғыша үзіліссіз жүзеге асырылуда».

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

30 маусым 2020, 20:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.