Атырау, 16 сәуір 23:50
 ашықВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Құрылыс басқармасында жаңа басшы

3 633 просмотра

Тимур БАСАРОВ Атырау облысы құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Т.Басаров 1979 жылы туған. 1994 жылы Орал құрылыс техникумын, содан кейін Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «құрылыс бакалавры» мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1998 жылы құрылыс алаңында шебер болып бастады, Оралдағы өндірістік кооперативте құрылыс инженері болып жұмыс істеді. 2004 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысының «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінде» еңбек етті. 2008 жылдан бастап 2016 жылға дейін - Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасында түрлі лауазымдар атқарды. Осы қызметке дейін - Атырау қалалық құрылыс бөлімінің басшысы болды.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

26 маусым 2020, 15:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.