АСТАНА, 29 қар– Қазақстан жаңалықтары АА. Алматы облысында сенбіде жоғалған МИ-8 тікұшағы табылды деп хабарлайды Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінен.
24 қараша күні Алматы облыстық ТЖД-нің кезекшілік бөліміне Алматы облысының Алакөл ауданындағы ұшу-қону алаңынан көтерілген МИ-823 тікұшағының жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. «ЕуроАзияЭйр» АҚ-ның жезқазғандық филиалының иелігіндегі тікұшақты «Қазақстандық-қытайлық құбыр желісі» ЖШС Атасу-Алашаңқой мұнай құбырын әуеден қарау үшін жалға алған. Оның ішінде экипажбен бірге 8 адам болды.
«Еуразия Эйр» авиакомпаниясына тиесілі Ми-8 тікұшақты іздестіру үшін 54 адамнан құрылған арнайы іздестіру-құтқару тобы құрылды. Іздестіру жұмыстарына 4 тікұшақ, сондай-ақ жерүсті және су техникасы, жергілікті елді мекендердің тұрғындары жұмылдырылды. Тікұшақтың жоғалу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тікұшақты іздестірудің ұзақ уақытқа созылу себебі әуе кемесінде автоматты апаттық радиомаяктың болмауы деп атап көрсетті республиканың бас прокуратурасында.
«Тікұшақ табылды, толығырақ кейін хабарланады», - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.
Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.