Атырау, 25 қараша 02:22
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Аязда да тоңбаймыз, аптапқа да төземіз...

8 754 просмотра

Бүгін, 23 қарашада, еліміздің Жол полициясы өзінің 20 жыл толу мерейтойын атап өтуде.

Салтанатты жиналыс облыстық филармония ғимаратында өтті. Қатысушылар қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза болған қызметкерлерді, соның ішінде қаза болғаннан кейін ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған Атырау облыстық ІІД жол полициясының жеке взводының инспекторы Нұрберген ӨТЕМІСОВТІ бір минут үнсіздікпен еске алып, құрмет көрсетті. 

Жол полициясы ішкі істер департаментінің ірі бөлімшесі, ал біздің қызмет – ең жауапты әрі ауыр жұмыстардың бірі боп табылады. Ыстықта да, суықта да қызметкерлеріміз өз қызмет орындарынан табылады, - деді ІІД ЖПБ бастығы Мұхаметжан ОСПАНОВ (суретте).

«Қазақстан полициясына 20 жыл» алқасымен подполковниктер Арман МЕҢДАЛИЕВ пен Муса БЕКҚАЛИЕВ, «Үздік қызметкер» төсбелгісімен подполковниктер Талғат МАРДЕНОВ пен Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВ, ІІД мақтау қағаздарымен капитан Ербол СҰЛТАНҒАЛИЕВ пен майор Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ, алғыс хаттармен подполковник Марат ҚҰБАЕВ, майор Арман СЕЙТҚАЗИЕВ және басқалар марапатталды. Жергілікті жол полициясы басқармасына 38 патрульдік көлік сыйға берілді. Оның бір бөлігі облыс орталығына өалдырылып, қалғандары аудандарға беріледі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

23 қараша 2012, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.