Конституцияның жаңа жобасында егер президенттің денсаулығы күрт нашарласа, оның міндетін Халық Мәслихаты төрағасы атқаратыны айтылған.
Түркіменстанның бұрынғы президенттері өмір бойы екі палаталы парламенттің жоғарғы палатасы — Халық мәслихаты (Ұлттық кеңес) мүшесі болады. Ел Конституциясына енгізіліп жатқан өзгерістерде осындай ұсыныс бар.
Бұл жайында Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады, деп жазады centralasian.org.
Ұсынылған өзгерістерге сәйкес, экс-президент қызметінен кеткеннен кейін бірден Халық Мәслихаты мүшесі болады. Қазіргі қолданыстағы ел Конституциясында экс-мемлекет басшыларының болашақ тағдыры туралы ешнәрсе айтылмаған.
Әзірге Түркіменстан тарихында билік ауысуда мұндай тәжірибе болған емес. 2006 жылы елдің бірінші президенті Сапармұрат Ниязов кенеттен қайтыс болғанда, Мәжіліс төрағасына қылмыстық іс қозғалып, оның міндетін вице-премьер Гурбангулы Бердімұхамедов атқарған. 2007 жылы ол президент болып сайланды.
Конституцияның жаңа жобасында егер президенттің денсаулығы күрт нашарласа, оның міндетін Халық Мәслихаты төрағасы атқаратыны айтылған.
Былтыр күзде ел президенті Негізгі заңға реформа қажет екенін мәлімдеген. Онда заң шығарушы жүйе екі палаталы парламентке ауысуы тиіс деген. Қазір Түркіменстан парламенті - бір палаталы. Онда сайлау округтері арқылы 125 депутат бес жыл мерзімге сайланады.
Халық Мәслихаты (Ұлттық кеңес) Ниязов тұсында үлкен ықпалға ие болған. Бірақ билікке Бердімұхамедов келгеннен кейін оның орнына Ақсақалдар кеңесі құрылды. Кейін оның ықпалы болмағандықтан, Ұлттық кеңес 2018 жылдың күзінде қайта құрылды.
Дереккөз: Zakon.kz