Атырау, 26 сәуір 14:00
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Ресей Қазақстаннан мұнай алуға келісім бермей отыр – Лукашенко

2 882 просмотра


Беларусь Президенті Александр Лукашенко Ресей Қазақстаннан мұнай тасымалдауға рұқсат бермей отырғанын мәлімдеді деп хабарлайды ресейлік «Взгляд» басылымы.

«Егер Ресей келісім берсе, Қазақстан бізге мұнай жеткізе алады. Серіктесіміздің ортақ серіктесімізден мұнай алуымызға рұқсат бермеуі қызық жағдай. Біз бұл мәселені шешуіміз керек», - деді Владимир Лукашенко.

Беларусь басшысы әзірге Ресей мұнайын толық алмастыратын басқа балама бағыттар жоқ екенін ашық айтты.

«Дегенмен, келісілгендей, біз әртараптандыруға мүдделіміз. Ресей Федерациясынан 30-40%  ғана шикізат алатындай болуымыз керек. Қалған 30% Балтық елдерінен және тағы 30% -ды Украинадан. Ол  үйреншікті бағыт», -деді ол.

Сондай ақ, Лукашенко елдегі экономикалық ахуал қиындап бара жатқанын жасырмады.

«Ресей Федерациясы енгізген салықтарға байланысты республикалық бюджеттің түсімі азайды. Мұнай өңдеу зауыттарының тиімділігі төмендеп барады. Өндірісті дамытуға бағытталған инвестициялық бағдарламалар түгілі,  МӨЗ күнделікті жұмысын қаржыландыруға қаражат таба алмай отыр»,- деді Александр Лукашенко.

«Кapital.kz»  порталының жазуынша, биыл 1 қаңтардан бастап  шикізат бағасына келісе алмауға байланысты Ресей компаниялары Беларуське мұнай тасымалдауды тоқтатты. Осы орайда, 31 желтоқсан күні Александр Лукашенко үкіметке балама бағыттар іздуге тапсырма берді.

Ал, желтоқсан айында ҚР Энергетика министрінің орынбасары Әсет Мағауов Беларусь тарапы Қазақстаннан жылына 3,2-3,5 тонна мұнай өнімдерін экспорттауға мүдделі екендерін білдірді деп хабарлаған. Сондай ақ, ол Минск шикізат тасымалын 2020 жылдың басында жолға қояды деген болатын.

Ал,  17 қаңтарда Энергетика министрі Н.Ноғаев  Беларусь мемлекеттік мұнай және химия концернінің вице-президенті А.Бунаковпен кездесті.

«Келісім жобасы мемлекеттік органдармен қаралып жатыр. Тасымалдау тараптардың коммерциялық мүдделеріне байланысты мүмкін болады. Ең оңтайлы жолы - құбыр арқылы тасымалдау екені, белгелі. Егер, мультимодальды тасымал мүмкін болса, ол да қарастыралды,» -делінген Баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кету керек, бірінші кезекте келісім ратификациялануы шарт.  Екіншіден, қазақ мұнайын сатып алуға Беларусь елінің коммерциялық қызығушылығы қажет. Яғни, баға бойынша тараптар екі жаққа да тиімді мәмлеге келуі керек.  

Дереккөз: Азаттық рухы

22 қаңтар 2020, 12:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.