Соңғы бір екі жылда АҚШ пен Қытай арасында сауда соғысы жүрді, тараптар бір-бірінің тауарларына жоғар кедендік салық енгізіп, әлемнің бірінші және екінші экономикасы арасындағы тірес күшейіп кеткен болатын.
Соңғы жаңалықтарда Уашингтон мен Бейжің жаңа сауда келісіміне келу алдында тұрғаны айтылуда. АҚШ пен Қытай бітімге келіп болғанша екеуінің араздығынан әлем экономикасы аз болмаған зардап шекті. Сауда соғысы, тарифтердің өсуі туралы көптеген ақпарат құралдары айтып келгені рас. Дегенмен, осы екі жылға жуық сауда соғысы кезінде не өзгерді? кім не ұтты? Әлем экономикасы сірә қандай зардап шекті? Сол туралы қаузап көрейік.
Сауда теңсіздігін қысқарды, сауда да азайды Ең әуелі АҚШ президенті Дональд Трамп Қытаймен сауда теңсіздігін жоюды көздеген, бұл көп рет айтылған әңгіме. Сол үшін Трамп Қытайдың АҚШ-қа кіретін тауарларына кеден салығын жоғарлатты. Бірақ, сауда соғысы кезінде сауда дефициті айтарлықтай қысқарып кеткен жоқ. Былтыр қарашадағы көрсеткішке сүйене айтқанда, сауда дефициті 60 млрд АҚШ долларына қысқарып, 360 млрд доллар көлеміндегі сауда теңсіздігі сақталып қалған. Есесіне, салықтың жоғарлауына байланысты екі тараптың сауда көлемі 100 АҚШ долларына дейін қысқарған. Қытайға кіретін АҚШ-тың ауыл шаруашылық өнімдері азайды АҚШ-тың жоғары кеден салығына жауап ретінде Қытайда өзіне кіретін АҚШ тауарларына салықты жоғарлатты.
Бейжіңнің бұл жауабы АҚШ-тың фермерлеріне ауыр соққы болды. Қытайға кіретін АҚШ-тың ауыл шаруашылық өнімдері азайды. Бір жылдың ішінде Қытайға экспортталатын ауыл шаруашылық өнімдері 25 млрд доллардан 7 млрд долларға дейін қысқарып кетті. АҚШ-тағы Қытай инвестициясы азайды АҚШ сауда соғысы кезінде Қытайдағы инвестициясын қысқартқанымен, Қытай бұл істе АҚШ-тан асып түсті. Қытай осы екі жылда АҚШ-тағы инвестициясын кескін азайтты. Америка Іскерлік институтының мәліметіне қарағанда, 2016 жылы Қытайдың АҚШ-тағы инвестициясы 54 млрд доллар болса, 2018 жылы бұл сома 9,7 млрд долларға дейін төмендеген.
Ал, 2019 жылы қытайлық компаниялар АҚШ-та 2,6 млрд доллар ғана инвестиция атқарған. Әлем экономикасына тигізген теріс әсері Экономика саласының болжаушылары тарифтердің жоғарлауы және сауда соғысының әлем экономикасына жасаған кері әсерлері бірнеше жылға дейін сақталатынын айтты. Сауда соғысынан кейін Құрама Штаттың экономикасы 3 пайызға өседі деген де жорамалдар бар. Ал, қазір теңселіп тұрған Қытай экономикасы сауда соғысының әсерінде биылғы жылы не бары 6 пайыздық өсіп көрсетеді делінеді.
Бұл дегеніміз Қытай экономикасының өсу қарқыны 1990 жылы деңгейіне тең болғанын түсіндіреді. АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы осы екі елдің өзге елдермен жасасқан сауда келісімдеріне де кері әсерін етті. Алдағы уақытта бұл екі ел бірқатар әлем елдерімен сауда келіспестіктерін шешуіне тура келеді. Сондай-ақ, әлемнің бірінші және екінші экономикасы арасындағы соғыстан кейін әлем экономикасының жалпы өсу қарқыны 3 пайызбен шектеледі деп отыр. Бұл дағдарыс жыларынан кейінгі ең төменгі көрсеткіш.
Дереккөз: Qazaqtimes.com