Атырау, 25 қараша 07:04
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Инновациялар, Серіктестік және ШОБ: Өңірлік бизнес үшін АТФ Банкінің III Серіктестер Форумы қалай өтті

PR
2 817 просмотра


Жаһандану және жаппай интернет белең алған заманда тек географиялық шекаралар ғана жойылып қоймай, сонымен қатар «орталық» және «өңірлер» сияқты түсініктер де қолданыстан шыға бастайды. Олар алдағы уақытта сапалы даму деңгейін көрсетуді тоқтатып, тек локация деп қана танылады. Осы трендтің бір көрінісі Қазақстан өңірлеріндегі шағын және орта бизнестің қарқынды дами түсуі, сонымен қатар сол өңірлік бизнес тараптарының ең өзекті және инновациялық бизнес-тәжірибелерді енгізуге деген қызығушылығы болды.

Міне осы мәселелер тұтастай Алматы қаласында өткен III Серіктестер Форумында расталды. Осы форумды АТФ Банкі жыл сайын шағын және орта бизнес саласындағы өз клиенттеріне өткізіп отырады. Осы жылы оңтүстік астанада өткен форумда Қазақстанның барлық өңірінен жүз елуден астам кәсіпкер жиналып, қатысты. 

2019 жылғы Серіктестер Форумының негізгі тақырыбы – бизнесті басқарудың инновациялық әдістері болды, бұл тақырып іс-шараның барлық бағдарламалар желісінде негізге алынып отырды.



Өзара пікір алмасып, тәжірибесімен бөлісу үшін ұйымдастырушылар Қазақстандағы, сонымен қатар басқа да елдердегі танымал және ықпалды көшбасшылар мен сарапшыларды шақырды.

Кіріспе бөлімін бастап берген бірінші спикер Beeline трансформациясының Agile бойынша қызметінің бастығы Марат Жунусов болды. Ол Қазақстанға шетелдік Scrum және Agile әдістемелерін енгізу тәжірибесімен бөлісті, өзі бизнеске IT әлемінен келген. Бірде-бір салада мінсіз және әмбебап құралдар жоқ екендігі айдан анық. Дейтұрғанмен, әр нәрсенің екі тұсы бар. Сондықтан да форум барысында панелді пікірталас қатысушыларына талқылайтын ортақ  тақырып та табылды. Форумда жаңа әдістерді отандық тәжірибеде қолданып көрген қазақстандық бизнесте жаңалық жасап жүрген іскер азаматтар мен мэтрлер  де қатысты. Олар Scrum және Agile әдістемелерінің артықшылықтары, кемшіліктері және ерекшелігі туралы, сондай-ақ оны біздің өзімізге тән негіздерін ескере отырып, қолдану жөнінде пікір алмасты. Арманжан Байтасов (Forbes-Казахстан басылымы), Нуркен Рзалиев («Рахмет» жобасы), Алексей Ли (Arbuz.kz жобасы), Марғұлан Сейсембай (Asadel Partners қоры) және Алмас Апдығаппаров (Parmigiano Group мейрамханалар желісі) қатысушылармен өз бизнес саласы туралы және жеке өмір тәжірибелерімен бөлісті. Соңғы бірнеше жыл ішінде ірі қазақстандық бизнес және дамыған стартаптар әртүрлі дәрежедегі жетістіктермен осы прогрессивті басқарушылық тәжірибелердің элементтерін енгізуде. Енді, міне, өңірлік шағын және орта бизнес те бұл тәжірибемен алмасуда.

«Серіктестер форумы АТФ Банктің ең пайдалы жобалырының бірі. Ол Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген кәсіпкерлердің бір алаңнан табылып, шағын және орта бизнес үшін ең өзекті деген мәселелерді талқылау, сонымен қатар бұл мәселелер бойынша жауапты ұйымдастырушылар арнайы шақырған авторитетті спикерлер мен сарапшылардан алу  мүмкіндігін береді, - деді Серіктестер Форумының қатысушысы ретінде Атыраудан келген «Казпромстройнжиниринг» компаниясының бас директоры Жайнагүл Тажиева. – Жақында ғана өткен форум Қазақстанға шетелдік тәжірибелерден келген алдыңғы қатарлы менеджмент әдістемелері туралы пайдалы контент көзқарасы тұрғысынан қызықты болды. Мейлі бүгін болмасын, бірақ ертеңгі күні олар туралы түсінік пен мәлімет мен үшін пайдалы болары сөзсіз».  


Қазақстандық бизнесмендер үшін маңызды инсайттардың бірі украиналық маркетинг және жарнаманың «майталманы» - FEDORIV.  Оның авторлық семинарының негізі бизнес ортаны қалыптастыратын трендтер болады – жаһандану, диджитализация және инфантилизация. Ол сөйлегеннен кейін бизнес иесі жобаның маркетингтік тұсын елемеуге немесе сыртқа жіберуге құқы жоқ – ол оның табыс құнына тең келеді. Қазіргі таңда “BrandFather” философиясы төңірегіндегі маркетинг өте актуалды, әрине осындай ортада ең үздігі компанияны танытатын шағын және орта кәсіпкерлік иесі болады. Көптеген қатысушылар үшін бизнес иесінің бренд үшін жеке жауапкершілігі туралы шындығы нағыз инсайтқа айналды.

Бизнес кейде шығармашылық ортаға айналады, әрбір кәсіпкер үшін идеяларды үздіксіз дамытып отыру үшін шабыт жетіспей жатады. III Серіктестер форумының ұйымдастырушылары оны да ойластыра отырып, жұлдыз қонақ, А’Studio тобының жетекшісі Байғали Серкебаевты шақырды. Оның шығармашылығы әрбір қазақстандық үшін таныс әрі жақын. Спикер қатысушлырамен тек қана өзінің шығармашылық тәжірибесіндегі ақпараттармен ғана емес, сонымен қатар шоу-бизнестің сахнадан тыс өмірін де тілге тиек етті. Ол жерде де басты назар «бизнеске» ауысты. Байғалидің сөзіне қарағанда, форумға қатысушылар А’Studio тобы мысалында креативті жобаларды басқару және шығармашылық ортада қаржылық табыстарға қол жеткізу тәсілдері туралы білді. Қонақ сонымен қатар, жобаны ерекше әрі коммерциялық табысы етуге ықпал ететін негізді қалай табуға болатындығы туралы айтып берді.



АТФ Банк Серіктестер форумын үшінші рет өткізіп отыр. Жыл өте Спикерлердің әңгімесінің мазмұны мен форматы өзгереді, бизнес-ортадағы басымдығы жоғары трендтер де ауысады, қатысушылар да өзгереді, бірақ жыл сайын өзгермейтіні – ұйымдастырушының стратегиялық позициясы. Ол – қазақстандық шағын және орта бизнес үшін сенімді, барынша тиімді және заманға сай серіктес бола білу. Бұл негізгі хабарлама АТФ Банкінің дамуының жаңа стратегиясында – бизнеске қолдау көрсету, кеңес беру, тиімді шарттарды ұсыну, максималды түрде жылдам қызмет көрсету және берік ынтымақтастықта өсу мен дамуға ықпал ету үшін ең өзекті деген технологияларды пайдалану  негізгі  позиция болып табылады.

«Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Алматыда үшінші рет өткізіліп отырған жыл сайынғы Серіктестер Форумы – біздің банк ұйымдастырған іс-шара. Тұтастай бұл АТФ Банкінің басты стратегиясына жауап береді. Оған бүкіл Қазақстаннан жиналған, соның ішінде, Атыраудан да келген ШОБ өкілдері қатысты. Форумның мақсаты – банк және оның клиенттері арасындағы диалог, сонымен қатар қатысушылар және шақырылған сарапшылар арасындағы табысты бизнес-тәжірибелермен алмасу», - деді Атырау қалалық филиалының директоры Әлия Утепкалиева.

Бүгінгі таңда 70 мың қазақстандық кәсіпкер АТФ Банк серіктестері. Ал оның соңғы төрт жылда клиенттік қоржыны 32% өсті. Бұл оның ШОБ сегментіндегі банктің кредиттік портфелінде де көрініс тапты. 2019 жылдың соңында 33% артты, кредитке өтінім берген кәсіпкерлер саны 25% өсті, ал қарыз беру көлемі өткен жылмен салыстырғанда 37% өсті. Осылайша, банктің стратегиясын іске асыру идеясы бүгінгі таңда тек қана топ-менеджмент сөзімен ғана емес, сонымен қатар нақты көрсеткіштермен де  расталып отыр. 

03.04.2018 жылғы №1.2.55/233/39  лицензиясы 

27 желтоқсан 2019, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған